Қоғам • 14 Қараша, 2025

Енді Шымкентте ұсыныстар мен шағымдар QR код арқылы қабылданады

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында тұрғындардың пікірі мен өтініш-тілегіне құлақ түретін жаңа жоба қолға алынды. «Шымкентті дамытуға халықтың үлесі» деп аталатын осы жоба аясында адамдар QR кодтқа өз өтінішін немесе шағымын қалдыра алады. Ұсыныстарын да білдіруге болады, деп жазады Egemen.kz.

Енді Шымкентте ұсыныстар мен шағымдар QR код арқылы қабылданады

Жауапты сала мамандары, әкімдіктің жоғары лауазымды қызметкерлері тұрғындармен кездесуде ұсыныс-пікірлерін тыңдап жатады. Енді халық атқарушы билік өкілдерімен кездеспей-ақ кез келген мәселеге қатысты ойын осы QR код арқылы білдіре алады.

QR-кодтар алдағы уақытта қоғамдық орындар мен автобустарға орнатылады. Сол арқылы азаматтар қаланы дамытуға байланысты идеяларын QR-кодпен оп-оңай жолдайды.

Қала әкімдігі мамандарының сөзінше, бұл жоба әрбір тұрғынға Шымкенттің дамуына жеке үлес қосып, оң өзгерістерге себепші болуға мүмкіндік береді. Түскен барлық ұсыныс мұқият зерделеніп, ішіндегі өзекті дегендері нақты жүзеге асырылады.

Осылайша, жоба әкімдік пен халық арасындағы ашық диалогты нығайтуға және қаланы көркейтуге бағытталған игі қадам болып отыр.