Фестиваль арқылы ерекше жандардың өнері, өмірге деген құштарлығы паш етілді. Мәдени іс-шара талант пен төзімнің, жігер мен үміттің тоғысқан ордасы болды.
Биыл алғаш рет өтіп жатқан республикалық деңгейдегі фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен – атап айтқанда Алматы, Тараз, Өскемен, Қарағанды, Семей, Павлодар қалаларынан және өңірлік арнайы кітапханалардан талантты 30 өнерпаз қатысып, бес түрлі номинация бойынша бақ сынады.
Сайыс номинациялары тактильді өнер, хореографиялық өнер, әдеби шығармашылық, музыкалық өнер, театр әлемі болып бөлінді. Үміткерлердің әрқайсысы өнері арқылы ішкі жан сырын ұғындырды, өмірге деген сенім махаббатарын білдірді. Көру қабілеті нашар болса да, жүрегі ашық көкірек көзі ояу екенін сездірді.