Фото: Ашық дереккөз
«Біз Фарер аралдарымен болатын кездесуді Бельгияға қарсы ойынға дайындық кезінде жоспарға енгіздік. Енді жаттығып, демаламыз. Біз бұған дейін ротация болатынын айтқанбыз және Фарер аралдары құрамасының соңғы үш ойында жақсы өнер көрсеткенін түсінеміз. Олар Черногория мен Чехияны жеңіп, Хорватиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Бірақ бірінші таймда тең түсіп, жақсы ойын көрсетті. Біз алдымызға мақсат қойып, дайындалып жатырмыз», деді Байсуфинов.
Ол ұлттық құраманың басты мақсаты – жеңіске ұмтылу екенін атап өтті. Бірақ ойын тәртібі мен тұрақтылықты сақтай білу маңызды екенін тілге тиек етті.
«Әрине, ойын тұрақтылығын сақтай алсақ нәтижеге жетеміз. Бұл жаттығу кезінде де, ойын жоспарын дайындауда да өте маңызды. Жігіттердің бәрі түсініп отыр, бәрі дұрыс болады деп ойлаймын», деді Талғат Байсуфинов