Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

Айта кетейік, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық әріптестігін нығайтуға қатысты мәселелер талқыланады.


