«26-27 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барады», делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады.
Сондай-ақ, бүгін, 2025 жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті әуежайдан күтіп алғанын хабарлаған едік.