Президент • Бүгін, 20:42

Президент ауыл әкімінің шағымынан кейін Үкіметке ескерту жасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімінің шағымынан кейін Үкіметке ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент ауыл әкімінің шағымынан кейін Үкіметке ескерту жасады

Астанада өткен ауыл әкімдерінің диалог алаңында Мемлекет басшысы жергілікті басқарудағы түйткілдерге назар аударды. Шара барысында Қызылжар ауданы Вагулин ауылдық округінің әкімі Ирина Шишкина ауыл әкімдері мемлекеттік деректер базаларына қол жеткізе алмайтынын айтты.

«Мен білмеймін, неге бұлай болды? Қандай құпиясы бар? Бұл мәселені шешу керек сияқты. Бұған кім жауап бере алады? Олжас Абайұлы, кім? Неге ауыл әкімдері қолжеткізе алмай отыр? Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі...», деді Тоқаев.

Президент сұрағына вице-премьер, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жауап берді.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, мәселені түсіндік. Бүгінде электронды үкімет шлюзі деп аталатын арнайы платформа бар. Сол арқылы мемлекеттік деректер базаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргіземіз», деді Мәдиев.

Тоқаев бұл жұмысты жеделдетуді тапсырды.

«Осындай кемшіліктердің салдарынан мұндай мәселелер көп немесе әкімдер тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап бере алмайды. Кей жағдайда өздерін дәрменсіз сезінеді. Бұған жол беруге болмайды», – деді Президент.