Қоғам • Кеше

«Метро», Small, Toimart: Бағаны шарықтатып жіберген сауда орталықтары жазаланды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда жыл басынан бері азық-түлік және сауда желілеріне жүргізілген тексерістер нәтижесінде 420-дан астам кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 

«Метро», Small, Toimart: Бағаны шарықтатып жіберген сауда орталықтары жазаланды

Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті жыл басынан бері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4-бабына сәйкес, Small, JLC, Galmart, Toimart, My Mart сауда желісі, А-стор, Беккер, супермаркет Carefood, «Food Beverage Trading» ЖШС, «Airba Fresh» ЖШС, «Good Luck Trade» ЖШС, «Mix Market Trade» ЖШС және басқа да кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 420-дан астам кәсіпкерлік субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Мәселен ҚР ӘҚБтК 204-4-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Метро» ірі сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Метро Кэш энд Керри» ЖШС Департамент шығарған әкімшілік шешімге барлық сот инстанцияларында, соның ішінде кассациялық тәртіппен шағымданды, бірақ нәтиже болмады, өйткені Департаменттің әрекеттері заңды», деп жазды министрлік.

Айта кету керек,  «Метро Кэш энд Керри» ЖШС 2024 жылы сауда үстемесі үшін айыппұл арқалаған болатын. 

Сондай-ақ, Алматы қаласының «Small» және «Toimart» сияқты ірі сауда желілері сауда үстемесін 15%-ға асырған.

Одан бөлек Департамент мемлекеттік бақылау функцияларын іске асыру бойынша кешенді іс-шараларды өткізген кезде, SMALL сауда желісін сот ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша, мемлекеттік бақылау функцияларын орындауы кезінде Департаменттің лауазымды тұлғаларына кедергі келтіргені үшін, жауапқа тартты.

Қазіргі уақытта үй жанындағы дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын жосықсыз кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесін арттырған кәсіпкерлерге 32 млн теңгеден астам айыппұл салды.