Қоғам • Бүгін, 16:08

Бір реттік «Қарызды өсімпұлсыз төле» акциясы басталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде Аграрлық несие корпорациясынан қарыз алып, төлей алмай жүрген заңды және жеке тұлғалар үшін бір реттік акция басталды. Оған сот шешімі бойынша өндіріп алынуы тиіс берешегі бар борышкерлер қатысады, деп жазады Egemen.kz

Бір реттік «Қарызды өсімпұлсыз төле» акциясы басталды

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Акцияға қатысушыларға қарызды бір жолға өсімпұлсыз өтеу мүмкіндігі беріледі. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше,  қарыз алушы мерзімі өткен сыйақыны, негізгі борышты және айыппұл сомасын толық өтегеннен кейін ғана өсімпұл есептен шығарылады.

Бір реттік акция 2025-жылдың 26-желтоқсанына дейін жалғасады. 

Толық мағлұмат Agrocredit.kz сайтында.