Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025

Мойынты – Шығанақ учаскесінде 4 теміржолшыны жүк пойызы басып кетті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 желтоқсан күні кешке сағат 17.15-те Қарағанды облысы Мойынты – Шығанақ учаскесінде оқыс оқиға орын алды. Жүк пойызы жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды қағып кеткен. Машинист шұғыл тежелуді қолданғанымен, апаттың алдын алу мүмкін болмады. Төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды  Egemen.kz   «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мойынты – Шығанақ учаскесінде 4 теміржолшыны жүк пойызы басып кетті

Оқиғаның себептері мен толық мән-жайын анықтау үшін ҚТЖ Басқарма төрағасының тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

Комиссияны ұлттық компанияның бас инженері басқарады. Оның құрамына «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және Магистральдық желі дирекциясының басшылары кірген. Комиссия мүшелері дереу оқиға орнына барып, тергеу жұмыстары басталды.

Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50