Аймақтар • Кеше

Теміртауда «Таксидегі QUIZ» қызметі іске қосылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртауда тегін такси жүре бастады. Жолаушы жол ақысын төлемейді. Есесіне жүргізушінің қазақ тілінде қойған сұрақтарына дұрыс жауап беруі керек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теміртауда «Таксидегі QUIZ» қызметі іске қосылды

3 желтоқсаннан бастау алған жобаның мақсаты қала тұрғындарын қазақша сөйлеуге ынталандыру.
Таксиде жүру тегін жүзеге асады. Жол бойы жүргізуші қазақ тілінде сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге шағын сыйлық береді.

Такси қызметі күн сайын 17:00–19:00 аралығында жұмыс істейді. Себебі бұл уақытта қалада такси қызметі тапшы.

Ұйымдастырушылар жобаның танымалдығы артатынына сенеді. Қызметке жазылу үшін WhatsApp арқылы 8-747-938-48-27 нөміріне хабарласқан жөн.

Қарағанды облысы