Делегация Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезең құрылысында болды. Бұл кезеңдегі жол құрылысының ұзындығы 1.7 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда Түркістан көшесінен Терешкова көшесіне дейінгі аумақтағы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, көлік қозғалысына ашылған.
Қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов шаһардың күре жолдарының бірі Қонаев даңғылы –стратегиялық маңызды нысан екенін айтты. Даңғылдың кезең-кезеңге бөлінген жол құрылысы мегаполистегі көлік кептелісін азайтқанын мәлімдеді. Сондай-ақ қалада саялы орындар мен саябақтар көбейіп келе жатқанын тілге тиек етті ардагер.
Ардагерлер әл-Фараби ауданы аумағындағы Қошқар ата өзені жағалауының абаттандыру жұмысымен де танысты. Бұлақ көзінен бастау алған өзеннің жағалауы бұл күнде Жангелдин көшесіне дейін абаттандырылған. Биыл қосымша Жангелдин көшесінен әрі қарай тағы 3.5 шақырымға жағалауы көркейтілді. Тұрғындар шомылатын орындар да қарастырылды. Құрылыста өзеннің флора, фаунасын сақтауға барынша көңіл бөлінді. Бұл жұмыстарға қазынадан 1.4 млрд теңге қаржы қаралыпты.
ШЫМКЕНТ