Президент • Бүгін, 12:40

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

Фото: Ақорда

«Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді деп ойлаймыз. Жапон тарапы да үлкен мән беріп отыр. Бүгін Премьер-министрмен кездесемін. Ынтымақтастығымыздың келешегі зор болатынына ешқандай күмән жоқ. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан өз дамуында жаңа кезеңге қадам басты. Биыл ел экономикасының өсімі 6 пайыздан асты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Дегенмен мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Инфляцияны төмендету, инфрақұрылымды жаңарту қажет. Қазақстан келешекте цифрлық елге айналуы керек. Алдымызда осындай үлкен мақсаттар тұр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Отандастарымыз арасынан Ritsumeikan Азия – Тынық мұхиты университетінің вице-президенті, профессор Серік Мейірманов, ARIA Consulting негізін қалаушы Арайлым Хасан, Showa және Juntendo медицина университеттерінің доценті Әбдібек Қалибек, Ailia компаниясында жасанды интеллект технологиясымен айналысатын инженер Эльдар Төлеубай сөз сөйлеп, өздерінің Күншығыс еліндегі жетістіктерімен бөлісті.

пп

Президент Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтарға табыс тіледі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды.
 
Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито Император сарайында қарсы алды. 
 
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасын аралап көрді.
Соңғы жаңалықтар

Мұнай ұңғымаларын ЖИ басқарады

Экономика • Бүгін, 12:18