Өнер • Бүгін, 07:40

Бай-өлкеден ескен әуендер

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алтай әндерінің әуезі қандай сұлу болса, сөздері соған сәйкеседі. Тың­даушының жанын жадыратып, жадында жатталып қалатыны да содан. Сол өр Алтайдың арғы бетінде өз ұлтымыздың өкілдері, қарагөз қандас­тарымыз бар. Өнерді биіктетіп, оның ішінде дәстүрлі ән мен байырғы терме-дастандарды алтын сандыққа сақтағандай бағалы етіп келеді.

Бай-өлкеден ескен әуендер

Жақында Ал­тай­­­дың арғы жа­­ғын­дағы аға­йын­ның са­ғынышқа толы ән ке­руені Бай-өлкеден ата­­жұртқа ат басын тіреп, Те­міртау жұртшылығына ғажап кеш, байрақты рух сыйлады.

Қазақы ән дәстүрінің қалпын бұзбай, ұлттық бол­мысты берік сақта­ған өнер­паздарды қала тұрғын­дары зор қошеметпен қарсы ал­ғаны соншалық, Теміртау мәдениет сарайындағы үлкен залда ине шаншар орын болмады.

Кеш иесі, Моңғолия мә­дениетінің озат қыз­мет­кері Ақтанберді Азатұлы – терме өнерінің танымал өкілі, ән қоржынында 130-дан астам туынды бар шебер орындау­шы.

Өнерпаздар қатарында бұлбұл үнді, Моңғолия мем­ле­кетінің озат қызметкері Сәт­тігүл Құмарханқызы, қо­ңыр дауыс­ты опера ән­шісі Манатхан Тілеген­ұлы, сырлы үнді Мол­да­бек Абылайханұлы және жас сазгер Оразбек Сейтах­метұлы болды. Олар­дың орындауындағы Бай-өлкеден жеткен әуендер өзіне тән мақамы, өзгеше иірімімен ерекшеленіп, тыңдарманды бірден баурап алды. Бір қызығы, көрермен де көне әндердің әуеніне қосылып отырды.

Құрыш қаланың тұрғын­дары алыс­тағы ағайынның өнерін аңсап күт­кенін көр­сеткендей, кеш бойы ерекше ықылас көрсетумен болды. Зал толы көрерменнің көлдей көңілі мен қуанышы құдды бір Бай-өлкедегі қазақ ауылының думанды ке­шіндей өтті. Көрермендер шат-шадыман күйге бө­леніп, көшпелі өмірдің көне сарындарын жүрегімен тыңдады. Алтайдың бау­райын сағынған ағайын ән-жыр­менен бір серпіліп қалды.

«Ұлы сөзге бас иетін ағайын, біз сіздерді аңсап келдік. Сіздердің бізге, біз­дердің сізге деген сағынышты осы бір думанды кешпен басайық дедік. Біз осынша көрермен жинаймыз деп күтпедік. Осы орайда үлкен қолдау көрсетіп, тамаша кештің өтуіне үлес қосқан теміртаулық ақын қыздарыңыз Таңсәуле Әген­­қызына айтар алғысы­мыз шексіз. Жалпы, қоржы­нымда 130-ға жуық терме бар. Терме жанры – қоғам айнасы. Сол себепті, өнегелі осы бір өне­ріміз арқылы ой сала білсек, жүректеріңізге сәу­­ле жаға алсақ, біз үшін одан асқан олжа жоқ», деді кеш иесі Ақ­танберді Азат­ұлы.

 

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

Бал ашып байығандар көп

Қоғам • Бүгін, 18:17