Спорт • 19 Желтоқсан, 2025

Тарихи алтын: Қазақстан құрамасы голболдан топ жарды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында Қазақстанның голбол құрамасы алғаш рет алтыннан алқа тағып, тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарихи алтын: Қазақстан құрамасы голболдан топ жарды

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Қазақстан құрамасы бастапқы кезеңде Оңтүстік Кореяға 9:10, Иран командасына 3:5 есебімен жеңілсе де, команда ойын жүйесін реттеп, тактикалық тұрғыда жинақталып, кездесулердің барысын өз пайдасына шеше білді. Нәтижесінде отандас голболшылар Сауд Арабиясын 12:7, Таиландты 11:1 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Иран командасын 7:5 көрсеткішімен ұтып, финалдық бәсекеде Оңтүстік Корея құрамасынан 9:6 есебімен басым түсіп, жарыстың алтын жүлдегері атанды.

«Жарыс барысында барлығы алты ойын өткіздік. Спортшылар жарысқа жақсы дайындықпен келді. Мемлекет қолдауымен Алматы мен Астанада оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды. Нәтижеге көңіліміз толады. Команда құрамындағы алты спортшының төртеуі үшін бұл алғашқы халықаралық жарыс болғанына қарамастан, олар өздерін жоғары деңгейде көрсете білді», деді бас бапкер Андрей Шпехт.

V Азия Пара ойындары осы айдың 10-13 күндері Дубайда (БАӘ) өтті. Дүбірлі додада еліміз неше медаль алғанын осыған дейін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35