Фото:depositphotos.com
Қамауға алынғандардың арасында Елисей сарайында жұмыс істеген күміс шебері де бар. Тергеу деректеріне сәйкес, ер адамның Vinted-тегі аккаунтында «Францияның әскери-әуе күштері» деген жазуы бар тәрелкелер мен «Севр мануфактурасы» деген белгісі бар күлсалғыштар орналастырылған. Мұндай бұйымдар әдетте көпшілікке қолжетімді болмайды.
Тергеушілердің айтуынша, оның үйінен, көлігінен және жеке шкафынан шамамен 100-ге жуық зат табылған. Олардың қатарында Севр фарфоры, Рене Лаликтің мүсіншесі, Baccarat шампан бокалдары және мыс қазандар болған.
Күміс ыдыстарға жауапты қызметкердің міндетіне президенттер, король әулетінің мүшелері және өзге де жоғары лауазымды тұлғалар пайдаланатын асхана жабдықтарын сақтау мен күтіп-баптау кіреді. Прокурорлардың мәліметінше, қамауға алынған қызметкер жасаған түгендеу жазбалары оның болашақта да ұрлық жасауды жоспарлағанын меңзейді.
Ұрланған заттардың басым бөлігі 1759 жылдан бері Франция мемлекетінің меншігінде тұрған, Париждегі атақты Севр мануфактурасында жасалған.
Елисей сарайының қызметкерлерін тергеу Севр фабрикасының жұмысшылары жоғалған кейбір бұйымдарды аукцион сайттарынан танып білгеннен кейін басталған.
The Guardian мәліметінше табылған заттардың (жалпы құны 40 мың) барлығы Елисей сарайына қайтарылды. Бұған дейін Лувр музейінде заттар ұрланған еді.