Ғалам ғажаптары • 23 Желтоқсан, 2025

Автономды аурухана

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдағы Цинхуа универси­тетінде толықтай жасанды интел­лектіге негізделген «Agent Hospital» жүйесі іске қосылды. Авто­номды ауруханада 21 бағыт бойын­ша жұмыс істейтін 42 ЖИ-дәрігер бар.

Автономды аурухана

Сурет ашық дереккөзден алынды

Науқас арнайы кабинаға кіріп, сканерден өтеді. Жүйе диагноз қойып, ем тағайындайды немесе қажет болған жағдайда ауруханаға жібереді. Жүйе бірнеше күнде 10 мыңнан астам науқасты қараған. «MedQA» тестінде диагноз қою дәлдігі 93 пайыз болған. Машинаның қуаты өте мықты. Шаршамайды, күйіп-жанбайды, эмоцияға берілмейді. «Agent Hospital» «MedAgent-Zero» нейро­желісіне негізделген. Мұнда виртуалды дәрі­герлермен бірге науқасқа жол көрсететін медбикелер де бар. ЖИ әр жағдайды тал­дап, өз алгоритмін үнемі жетілдіріп отырады.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан таланттары

Айбын • Бүгін, 08:55

Майдангер марапатталды

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:53

Мәдени оқиғалар шеруі

Мәдениет • Бүгін, 08:50