Саясат • Бүгін, 08:32

Медицина мекемелері құрылысына қаржы бөлінді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету – Президент белгілеген басым бағыттардың бірі. Осы орайда «Ауылда ден­сау­лық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Үкімет өңірлерге әлеуметтік ма­ңызды инфрақұрылымды дамы­туға ресурстар бағыттайды.

Медицина мекемелері құрылысына қаржы бөлінді

Қарағанды облысындағы бірқатар медициналық нысанды жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 7,5 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, Қарағандыдағы жаңа онкологиялық орталықтың операциялық-реани­ма­циялық блогін заманауи жабдықтармен жарақтандыруға 6,2 млрд теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен қосымша 1,74 млрд теңге көлемінде бірлесіп қаржыландыру көзделген. Қазір нысанның дайындығы 70%-ға жетті, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Балқаш қаласында қазір күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан көпбейінді аурухана базасында ауданаралық медициналық хаб құрылады. Бұл мақсаттарға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, жалпы құны 1,27 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында ангиографиялық операциялық және қабылдау-диагностикалық бөлімшелерді орналастыру үшін қосымша корпустың құрылысы аяқталып жатыр. Бүгінде нысан 96%-ға дайын. Сондай-ақ қаңқаны салу, инженерлік желілерді төсеу және ішкі әрлеу бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Нысанды осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған.

Сонымен қатар Балқашта балаларды оңалту орталығы құрылып жатыр: бұрынғы санаторий ғима­ратын қайта жабдықтау үшін 272,1 млн теңге бағытталды. Жоба стационар және амбулаториялық қабылдауды ұйымдастыруды көз­дейді. Реабилитологтерді, невро­па­тологтерді, логопедтерді  және ЕДШ нұсқаушыларын қоса алғанда, тар бейінді мамандардан тұратын көпсалалы команда құрылады. Бұл балаларға облыс орталығына бармай-ақ сапалы оңалтуға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жоспарға сәйкес барлық жұмыс 2026 жылғы ақпанда аяқталуға тиіс.

Осы жобаларды жүзеге асыру өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттырады. Осылайша, ангиографиялық операциялық бөлімшені іске қосу «алтын сағат» қағидасы негізінде және пациенттердің өмірін сақтай отырып, Балқаш тұрғындарына инфаркт пен инсульт кезінде шұғыл жоғары технологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Оңалту орталығының ашылуы тұрғылықты жері бойынша ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қалпына келтіру емін үздіксіз алуды қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 09:15

Алатау аласарған күн...

Тағзым • Бүгін, 08:52

Ел мақтанышы болып қалады...

Тағзым • Бүгін, 08:43

Рухтың биік бейнесі

Тағзым • Бүгін, 08:38

«Осмийді алған – осы кісі»

Ғылым • Бүгін, 08:30