Фото: depositphotos.com
Акция аясында жеке кәсіпкерлер (ЖК) мен шағын бизнес субъектілеріне бухгалтерлік және салықтық есепті дайындау және тапсыру кезінде консультациялық көмек көрсетіледі.
«Халық бухгалтері» барысында ресми ресурстар мен жеке Telegram-арна құрылып, офлайн және онлайн вебинарлар өткізіледі. Есепті кезеңдерде тақырыптық консультациялық сессиялар да ұйымдастыру жоспарланған.
Салық берешегі бар кәсіпкерлер қарызын кейінге қалдыра алады
Акцияға кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары (түсіндірме жұмыстарын жүргізу бөлігінде) атсалысады.
«Акцияны бірінші жартыжылдықта өткізуді ұсынамыз. Мемлекеттік кірістер комитеті өз тарапынан сервистік модельді енгізу және бизнес үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты күшейтеді», деді Мәди Такиев.
Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы да ұсынылды.