Қысқы спорт • Бүгін, 14:17

Конькимен жүгіру: 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға кімдер қатысады?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конькимен жүгіруден 14 қараша – 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 лицензия жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Конькимен жүгіру: 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға кімдер қатысады?

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада конькимен жүгіруден ел намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды.

Негізгі құрамға енген спортшылар: 

Евгений Кошкин;

Кристина Силаева;

Елизавета Голубева;

Надежда Морозова;

Арина Ильященко.

Айта кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанау спортынан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, екі жолдама жеңіп алған еді.

Биыл ел спортында қандай тарихи жеңістер тіркелді?

Сонымен қатар отандық шорт-трекшілер ел қоржынына тағы 9 жолдама салды. Бапкерлер құрамының шешімімен Миланда Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан бақ сынайды.

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың үш түрінен 23 лицензия бар.

Олимпиадаға арналған нақты лицензия саны 2026 жылғы қаңтар айының соңында белгілі болады. XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6–22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.

Соңғы жаңалықтар