Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

«Google»-дың жаңа жүйесі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Google» «Gemini» платформасына негізделген «Disco» атты браузер құралын жариялады. Бұл технология ашық тұрған браузер беттерін интерактивті веб-қосымшаларға айналдыруға мүмкіндік береді.

«Google»-дың жаңа жүйесі

Сурет ашық дереккөзден алынды

Компания мұндай форматты «GenTabs» деп атап отыр. «GenTabs» арқылы пайдаланушы қазіргі ашық контент пен мәтін нұсқауларына сүйене отырып, өзіне қажет шағын қосымшалар жасай алады. Яғни бөлек бағдарлама жазудың немесе сыртқы сервистерге өтудің енді қажеті болмайды. Мысалы, адам рецепттерді қарап отырса, «GenTabs» автоматты түрде бір аптаға арналған тамақтану жоспарын құрастырып, соған сәйкес азық-түлік тізімін жасап бере алады. Сол секілді оқу материалдары, жұмыс құжаттары немесе зерттеу беттері негізінде де жұмыс істей алады.

 

Соңғы жаңалықтар