Жәдігер • 09 Қаңтар, 2026

Құнды қолжазба

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда ұлы ойшыл, ақын, дін уа­ғыз­даушы һәм түр­кілік суфизм ба­ғытының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидың «Диуани хикмет» кітабының беймәлім басылымы табылды.

Құнды қолжазба

Құнды жәдігер бұдан екі ғасыр бұрын 1834 жылы жарияланып, мұқият сақталған. Кітаптың қағазы қалың әрі мұқабасында таңба бар. Хикмет араб-парсы тілдерінде шағатай дәстүріне сай жазылған. Жалпы саны 120 хикметтен тұрады. Мұра қазір «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мекемесінің қорына өтіпті.

Мәліметті нақтылай түсу үшін қолжазбаға ғылыми сараптама жасаған маман «Ясауитану» ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлына хабарласқанымызда: «Табылған кітап 120 хикметтен тұрады. Оның 39-ы бұрынғы Әзірет Сұлтанның бұрынғы кітап­тарында жазылмаған тың хикметтер. Бұл жәдігерге біз ауыл тұрғыны Еркін Сапаровтың бастамасымен қол жеткіздік. Өйткені мұра Еркін ақса­қалдың туысы Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғыны Әлімжан Рамазанұлының сандығында сақтаулы екен. Бұл шаңырақтан біз барлығы 17 қолжазба мен сирек кітаптар алдық. Соның бірі – Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері. Бұндай мұра бұрын-соңды кездеспеген еді», деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар