Әлем • 11 Қаңтар, 2026

АҚШ Сирияда Ислам мемлекеті содырларының нысандарына соққы жасады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ пен оның одақтастары Сирия аумағында террористік Ислам мемлекеті (ДАИШ, Қазақстанда тыйым салынған - ред.) тобының нысандарына бірқатар дәл соққы жасады. Бұл туралы BBC хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

АҚШ Сирияда Ислам мемлекеті содырларының нысандарына соққы жасады

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы – CENTCOM мәліметінше, операцияға қатысты шешімді АҚШ президенті Дональд Трамп қабылдаған. Әскери соққылар сенбі күні «Hawkeye strike» («Сұңқар соққысы») кодтық атауымен жүргізілген.

CENTCOM хабарлауынша, бұл операция 13 желтоқсанда Сирияда америкалық әскери қызметкерлерге қарсы жасалған, адам өліміне әкелген шабуылға жауап ретінде ұйымдастырылған. Соққылардың негізгі мақсаты – террористік инфрақұрылымды жою және өңірдегі одақтас күштердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Трамп АҚШ-тың Мексикаға соққы жасауға дайын екенін мәлімдеді

– Біздің ұстанымымыз өзгермейді: егер сіздер біздің әскери қызметкерлерге зиян келтірсеңіздер, біз сіздерді қай жерде болсаңыздар да тауып, жоямыз. Ешбір жер кек қайтарудан қорғай алмайды, – деп мәлімдеді АҚШ Орталық қолбасшылығы.

Әскери операция барысында АҚШ пен оның серіктестері 90-ға жуық жоғары дәлдіктегі оқ-дәріні қолданып, 35-тен астам нысанға соққы берген. Операцияға 20-дан астам әскери ұшақ тартылған. Қазіргі таңда соққы жасалған нақты аймақтар мен ықтимал адам шығыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

АҚШ Венесуэланың астанасы Каракасқа әуе соққыларын жасады


Аталған операция Сириядағы тұрақсыз жағдайға қарамастан, халықаралық коалицияның терроризмге қарсы күрес бағытындағы әрекеттерін жалғастырып отырғанын көрсетеді.

Айта кетейік,  АҚШ Кариб теңізінде 2 кемеге соққы берді

Соңғы жаңалықтар