Экономика • 13 Қаңтар, 2026

Салық режимін өзгертуге бір реттік мүмкіндік берілді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа Салық кодексіне көшу кезеңінде кәсіпкерлер мен азаматтарға маңызды жеңілдік жасалды. Мемлекеттік кірістер комитеті 1 наурызға дейін тапсырылған есепті кері қайтарып, салық режимін қайта таңдауға рұқсат берді. Бұл қадам қателесіп есеп өткізген немесе өзіне қолайлы режимді таңдауға үлгермеген адамдарға уақытша мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.

Салық режимін өзгертуге бір реттік мүмкіндік берілді

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Комитеттің хабарлауынша, есепті сол тапсырған ақпараттық жүйе арқылы кері қайтарып алуға болады. Бірақ бұл тетік тек өтпелі кезеңге арналған.

Ведомство бұл мүмкіндікті шектен тыс қолданбауға шақырып отыр. Комитеттің түсіндіруінше, «жаңа Салық кодексінде салық есептілігін кері қайтарып алу құқығы алып тасталғандықтан, бұл функцияны тек салық режимін уақтылы таңдау және жеке кәсіпкер қызметін тоқтату үшін ғана пайдалану қажет».

Салық кодексі: арнайы режимдерге көшу мерзімі 28 ақпанда аяқталады

Негізінде қабылданған Салық кодексі бойынша есепті кері қайтарып алу мүмкін емес. Жалғыз ерекшелік тауарды әкелу және жанама салық төлеу жөніндегі өтінішке қатысты. Ол 328.00 нысаны арқылы рәсімделеді.

Жаңа кодексте үш арнайы салық режимі қарастырылған. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізіндегі режим және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған тәртіп. Азаматтар мен кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама беріп, оңайлатылған декларацияға көше алады.

Зейнетақы төлемдері салықтан босатылып, көпбалалы отбасыларға шегерімдер енгізілді

Жүйеге көшу белсенді жүріп жатыр. Қаңтардың алғашқы он күнінің өзінде 66 мың адам өз қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде тіркелген. Бұл жаңа салық тәртібіне қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар