Ендігі жерде мемлекеттік нөмір автоматты түрде ғана берілмей, азаматтар бар нұсқаның ішінен өздеріне ұнаған әріп-сан үйлесімін таңдай алады.
Серік Шумаевтың айтуынша, бұл жаңа қызмет мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілін түбегейлі өзгерте отырып, таңдау құқығын дамыта түсуге бағытталған. Нөмірді таңдау мүмкіндігін енгізу біраз шаруаны қатар шешуі тиіс. Мәселен, халыққа да ыңғайлы әрі осы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ететін, оған қоса мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды көздейтін ауқымды бағдарламаның да бір бөлігі.
Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды
«Мемлекеттік нөмірлердің бірнеше санаты қарастырылған. Олардың құны 10-нан 280 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін барады. Баға автокөлік иесі таңдаған сандық немесе әріптік комбинацияға байланысты. Мемлекеттік нөмірлерді сатып алудан түскен қаражат қала бюджетіне түседі. Қазір бірдей үш саннан тұратын, басында немесе соңында нөлдері бар нөмірлерге сұраныс өте жоғары», дейді Серік Шумаев.
Қазіргі уақытта нөмір таңдау үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берсеңіз болады. Алдағы уақытта бұл қызмет онлайн форматта – электрондық үкімет порталы мен мобильді қосымшалар арқылы да қолжетімді болады. Бұл ХҚО-ларға түсетін жүктемені азайтып, жұмысты барынша ыңғайлы етуге мүмкіндік бермек.
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам жүргізуші ұсталды
Қызмет көрсету рәсімі қарапайым әрі түсінікті, яғни азаматтарымыз жүйедегі қолжетімді комбинациялардан керек нөмірді таңдап, тексеруден өтіп, қызмет ақысын төлеп, содан кейін өтініш береді. Бұл үдерістер бақыланады және ашық өтеді. Әдепсіз әрі жағымсыз мағына беретін нөмірлерді жасауға ғана жол берілмейді.
«Әріптік және сандық комбинациялар жалпы қабылданған моральдық нормаларға сай болуы тиіс. Біз мұны алдын ала ескертеміз, яғни балағат сөздер немесе біреудің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жазуы бар нөмірлер болмайды. Барлығы әдептен аспауы керек», – дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ішкі істер органдарында көлік құралдарын тіркеу саласындағы өзгерістер тек сервистік тұрғыдан ғана емес, «Заң және тәртіп» қағидаттарын қамтамасыз ету үшін де маңызды екенін атап өтті. Нақты есепке алу, бірыңғай ережелер мен ашық рәсімдер көлік қауіпсіздігіне, көліктерді іздестіру мен азаматтардың құқықтарын қорғау жұмысына да тікелей әсер етеді.
Полиция мемлекеттік нөмірін жасырған көлік жүргізушілерімен күресті бастады
Серік Шумаевтың айтуынша, жоғарыдағыдай қызметті жетілдіре түсу алдағы уақытта жалғасын табады.