Білім • Бүгін, 08:28

Білім ошағы ашылды

0 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ақсу ауданына қарасты Көлтабан ауылындағы 25 орынды шағын орталығы бар 120 оқушыға арналған мектеп іске қосылды. Жаңа білім ошағы бейімделген мектептің орнына салынды. Бұрынғы ғимаратта асхана, спорт залы мен мәжіліс залы болмаған. Қаншама жылдан бері халықтың тілек-арызына айналған білім шаңырағы шағын ауылға қайта әр бере түскендей.

Білім ошағы ашылды

Суретті түсіргендер – Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков

Бұлай дейтін себебіміз, бұған дейін оқушы­лар аталған мектепте 9-сыныпқа дейін білім алса, 10-11 сынып оқушылары басқа елді мекендегі мектептерге қа­тынап оқитын еді. Арнайы автобус бекітіліп, балаларды көрші ауылға та­сымалдайтын. Енді бұл мәселе тү­бегейлі шешілді. Оны ашылу салтанатында сөз алған облыс басшысының орынбасары Диас Есдәулетов жеткізді.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес өңірде қала мен ауыл мектептеріндегі оқыту деңгейін теңестіру жұмыстары жүргізі­ліп келеді. Мектеп ғимаратта­рын жаңарту, материалдық-техни­калық базаларын нығайту кезең-кезеңімен атқарылып ­жатыр. Мәселен, осы Көлтабан ауылындағы мектепте балалар ұзақ жылдан бері бейімделген ғимаратта оқып келген. Бүгін, міне, ауылда 120 орындық заманауи мектеп пайдалануға беріліп, жайлы әрі қауіпсіз білім алуға мүмкіндік жасалып отыр. Ғимарат заманауи талапқа сай жабдықталған. Біз білім саласына қолдау шараларын бұдан былай да жалғастырамыз. Жаңа мектеп ұстаздарының бастамалары баянды, еңбектері жемісті болсын. Ал оқушыларға айтарым, осы мектептен сапалы білім алып, еліміздің дамуына үлес қосатын адал азамат болып өсу­леріңізге тілектеспін», деген ол, жаңа модификациядағы химия кабинетінің жабдықтарын сатып алуға арналған сертификат табыстады.

Бұдан соң мектептің құры­лысын жүргізген мердігер ұйым — «СП NEFT» ЖШС директоры Нұрлан Қадырбаев жаңа мектептің символикалық кілтін білім мекемесінің директоры Жамбы Біржановаға табыстады. Ғимараттың лентасы қиылып, мектеп салтанатты түрде ашылғаннан кейін қонақтар білім ошағының ішін аралап көрді.

Өңір әкімінің баспасөз қыз­метінің мәліметінше, үш қабат­ты жаңа мектеп ғимаратында 11 пәндік кабинет, 2 шеберхана, кітапхана, спорт және акт залдары, асхана, сол сияқты 25 балаға арналған мектепке дейінгі шағын орталық бар. Бұған дейін бұл орталық тек түске дейін ғана жұмыс істесе, қазір барлық мүмкіндік жасалғандықтан то­лық жұмыс күніне көшкен.

Жергілікті тұрғындар жа­ғым­ды жаңалыққа қатысты пікі­рі­мен бөлісті. Олардың қата­рын­да ­ата-аналар, мұғалімдер мен оқушы­лар да бар.

«Ең алдымен, біз үшін ең үлкен қуаныш – енді бала­ларымыз өздерінің туған ауылы­нан көршілес елді мекендерге қатынап оқымайтын болды. Мектепте оқушылардың сапалы білім алуына, ал біз үшін жайлы жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Қажетті құрал-жаб­дық­тармен толық қамтылған заманауи пәндік кабинеттеріміз бар. Атап айтқанда, зертханасы бар физика кабинеті, лингафон кабинеті, информатика каби­неті жабдықталған, бар­лығын­да панельді тақталар орнатыл­ған. Мұның бәрі пәнді терең әрі жан-жақты түсінуге, сондай-ақ ғылыми зерттеу жұмыс­та­рымен айналысуға мүм­кін­дік береді», деді қазақ тілі мен әдебиеті пәні­нің мұғалімі ­
Ержан Біржанов.

Сол сияқты Көлтабан ауылы тұрғындарының атынан ардагер Мұрат Рахымов батасын берсе, ауыл тұрғыны Бақыт Лебаева жерлестерін құттықтады.

«Бұрынғы мектебіміз ескі еді. Енді ауыл шағын бол­­са да, балаларымыз бен неме­релеріміз үшін кең, жа­рық, заманауи мектеп салынып отыр. Сонымен қатар мектепте кішкентай бала­ларға арнал­ған жаңа орталық та бар. Бұл – үлкен қуаныш. Осы іске үлес қос­қан барша аза­­матқа шынайы алғысымды білдіремін», деді ол.

Ең ғажабы, жоғары сынып оқушыларының қуанышында шек болған жоқ. Мәселен, 11-сынып оқушысы Жаңыл Түркістан жаңа нысанды жақсы ырымға балап, жақсы оқуға уәде етті.

«9-сыныпқа дейін осы ауыл­дағы мектепте оқыдым. Алайда мұнда жоғары сыныптар болма­ғандықтан, Талдықорған қала­сына барып, №19 мектепте 10-сыныпты аяқтадым. Жаңа мектеп салынғанына қатты қуанып, үлкен ықыласпен өз ауылыма қайтып келдім. Мектеп маған өте ұнады, қала мектептерінен ешбір айырмашылығы жоқ — бәрі әдемі, жайлы әрі заманға лайық», деді оқушы.

 

Жетісу облысы 

Соңғы жаңалықтар