Негізгі жобалардың қатарында «Текелі энергия кешені» ЖШС бар. Кәсіпорын қуаты 17 МВт болатын үш жою қазандығы мен бу турбинасын іске қосуды жоспарлап отыр. Нысанды пайдалануға беру мерзімі – 2026 жылдың маусымы.
«Атырау ЖЭО» ЖШС 2026 жылдың желтоқсанында №11 турбоагрегат пен №15 қазандықты іске қоспақ. Аталған жобаның жалпы қуаты 59,6 МВт болады.
«Теңізшевройл» Атырау жылу электр орталығына газ жеткізуді тоқтата ма?
Сондай-ақ 2026 жылдың тамызында Қызылорда облысында қуаты 240 МВт болатын бу-газды қондырғы пайдалануға беріледі. Ал Түркістан облысында 2026 жылдың желтоқсанында қуаты 1000 МВт-тық бу-газды қондырғы іске қосылады.
Алматы қаласында да ірі энергетикалық жобалар жоспарланған. Атап айтқанда, ЖЭО-2-де 2026 жылдың желтоқсанында қуаты 557 МВт болатын бу-газды қондырғы, ал ЖЭО-3-те дәл осы мерзімде қуаты 544 МВт-тық бу-газды қондырғы пайдалануға беріледі.
Бұдан бөлек, 2026 жылдың желтоқсанында жалпы қуаты 173 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері нысандарын іске қосу көзделіп отыр.
Жоспарға сәйкес, 2027 жылдың бірінші тоқсанына қарай Қазақстан электр энергиясымен толықтай қамтылып, энергия тапшылығы бар елдер қатарынан шығады.
Қытайда теңіз бетіне салынған күн электр станциясы пайдалануға берілді