Еркебұлан Қойшыбаевтың айтуынша, жалған сайт пен интернет-дүкен ашып, «жұмыс» немесе «инвестиция» деген желеумен азаматтарды алдайтындар көбейген. Әсіресе, ақша табуға үндеп, банк пен қауіпсіздік қызметінің өкілі болып қоңырау шалатындар көп кездеседі.
Мұндай қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі қолданылады. Оның көмегімен зиянды контенті бар ресурстарды қоса алғанда, 17,6 мыңнан астам сайт пен сілтеме бұғатталыпты.
Тегін кітаптар қауіпті: Бас прокуратура интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Мұндай жайттардың жолын кесу үшін бірқатар шара қолға алынған.
Банкоматтардың маңына полиция қызметкерлерінің 355 макеті қойылып, 470 баннер орнатылған. 1 400-ден астам бейнеролик әзірленіп, 3 400-ден астам дәріс өткізілген.
«Интернет-алаяқтықпен күресу полицияның ғана жұмысы емес, онымен әр адам күресуі керек, сақтануы керек. Кодты, парольді, картадағы деректі ешкімге айтпаңыз, күмәнді сілтемелерге жоламаңыз. Күмән туса бірден полицияға, банкке жүгінген жөн», деп ескертті Еркебұлан Қойшыбаев.
Спикер сондай-ақ қалалық әкімдік, қоғамдық ұйымдар, банктер мен білім беретін мекемелермен бірлесіп, қазір барлық жастағыларды қамтитын ауқымды алдын алу жұмысы да қолға алынғанын атап өтті.