Технология • 23 Қаңтар, 2026

Startup Garage: Astana Hub стартаптарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдап жатыр

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Astana Hub Startup Garage бағдарламасының бесінші легіне өтінім қабылдау басталғанын жариялады. Бағдарлама идеядан алғашқы сатылымдарға дейінгі жолды өтуге дайын стартаптарға арналған. Үш ай ішінде қатысушылар гипотезаларын тестілеуден өткізіп, мақсатты аудиторияны анықтап, тұрақты бизнес-модель қалыптастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Startup Garage: Astana Hub стартаптарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдап жатыр

Фото: Astana Hub

Өтінімдер 2026 жылдың 6 ақпанына дейін қабылданады.

«Біз идеяны ғана емес, нақты нәтижені де бағалаймыз. Стартаптың жай ғана табыс тауып, дамуы біз үшін маңызды. Біз өнімнің өміршеңдігін жылдам тексере алатын құралдарды ұсынамыз. CYBERPACK.AI командасының нәтижесі соның айқын дәлелі. Инкубация кезеңінде олар 10 есе өсіп, Әзербайжан нарығына шықты. Біз өніммен белсенді жұмыс істейтін командаларды күтеміз», деп атап өтті Astana Hub бизнес-бағдарламалар офисінің директоры Әшімбек Әбілғазинов.

Оқу бағдарламасына апта сайынғы воркшоптар, IT-нарық көшбасшыларынан дәрістер, трекерлермен жеке консультациялар кіреді.

Қатысушылар Lean Startup, HADI және SMART әдістемелерін меңгеріп, нарықты терең талдауды, NoCode-құралдарын қолдануды және ірі шығынсыз сатылым жүйесін құруды үйренеді.

Бағдарлама соңында Demo Day өтеді, онда үздік жобалар өз шешімдерін шақырылған инвесторларға ұсынады.

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі Astana Hub кластеріне барды

Мұндай тәсілдің тиімділігі 2025 жылдың қорытындыларымен дәлелденді. 302 қатысушының 77 жобасы финалға өтті. Бағдарлама аясында жалпы 130,9 млн теңгеге сатылым жасалды, 300 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды, 46 жаңа жұмыс орны құрылды.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Startup Academy-дің сертификаты болуы керек;
  • 18 жастан асқан, ЖСН және ЭЦҚ міндетті;
  • Жобада IT-құрамдас бөліктің болуы маңызды;
  • жоба MCI немесе MVP сатысында болуы тиіс.

Айта кетейік, 2026 жылы «Astana Hub» стартаптарды қолдауға, инвестиция тар­ту­ға және ІТ саласындағы таланттар­ды даяр­лауға бағытталған өзге де ма­ңыз­ды бағдарламаларын жалғас­тыра береді. 

Соңғы жаңалықтар