Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026

Атырауда театр қызметкерлеріне арналған 60 орындық жатақхана салынады

11 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының әкімдігі Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының қызметкерлеріне арналған жаңа жатақхана салынатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда театр қызметкерлеріне арналған 60 орындық жатақхана салынады

Фото: Атырау қаласы әкімдігі

Жаңа бес қабатты заманауи ғимарат театр аумағындағы тозығы жеткен ескі құрылыстардың орнына салынады. 

Жатақхана құрылысының астыңғы қабатында инженерлік бөлмелер орналасса, бірінші қабатта санитариялық тораптар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы аймақтар қарастырылған.

Ал жоғарғы бөліктерде екі адамға арналған және отбасылық тұрғын бөлмелер, сондай-ақ ортақ ас үй орналастырылады.

Атыраудың алып сәбиі

Қала әкімдігі жаңа жатақхана театр ұжымын қолжетімді тұрғын үймен қамтып, қаланың сәулеттік келбетіне де оң серпін беретінін атап өткен.

Бұған дейін Атырауда сот шешімін орындамаған 18 шетелдік елден шығарылғанын хабарлағанбыз. 

Сондай-ақ өңірде бір жылда жол апатынан 96 адам қайтыс болғаны мәлім болды

Соңғы жаңалықтар