Қаржы • 23 Қаңтар, 2026

Alibaba мен Baidu акциялары Қазақстан қор биржасында саудаланады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында (KASE) әлемдегі жетекші технологиялық  компаниялар – Alibaba Group Holding Ltd мен Baidu, Inc. компанияларының америкалық депозитарлық қолхаттарымен (ADR) сауда-саттық басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Alibaba мен Baidu акциялары Қазақстан қор биржасында саудаланады

KASE Global алаңында инвесторлар үшін BABAd (Alibaba ADR) және BIDUd (Baidu ADR) бағалы қағаздары қолжетімді болады. Сауда АҚШ долларымен жүргізіледі.

Аталған қаржы құралдары бойынша маркет-мейкер ретінде «Standard» инвестициялық компаниясы» АҚ белгіленіп, KASE-де ресми түрде осы мәртебені алды.  

«Alibaba мен Baidu-дың ADR-лерінің KASE-де пайда болуы – бұл жай ғана қаржы құралдарының қатарын толықтыру емес. Бұл инвесторларға Азия нарықтарының технологиялық өсіміне үйреншікті инфрақұрылым аясында, ашық баға белгілеу арқылы тікелей қатысуға мүмкіндік береді», деді KASE басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Искакова.

Қазақстан қор биржасы Қазақтелеком акцияларының саудасын тоқтатты