Фото: Ашық дереккөз
Атап айтқанда, Үкіметтің, Конституциялық соттың, прокуратура және сот билігі органдарының жекелеген функцияларын, құқық қорғау тетіктерін, жергілікті өзін-өзі басқаруды, жекелеген аумақтарда арнайы құқықтық режим белгілеу қағидаттарын, сондай-ақ Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін регламенттейтін Конституцияның бөлімдері мен баптарына өзгерістер енгізу ұсынылады.
Түзетулердің жеке блогы болашақ бір палаталы Парламенттің – Құрылтайдың қызметіне қатысты болады. Мысалы, төрағаны тағайындау, оның депутаттық корпусын қалыптастыру тәртібі және өзге де рәсімдік жағдайлар айқындалады.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысы өтіп жатыр
Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібінің маңыздылығын ескере отырып, тиісті регламенттеуші нормаларды жеке бөлімге бөлу ұсынылады.
Үкімет функцияларын регламенттеуді өзгерту шеңберінде мемлекеттік бағдарламаларды бекітуді, сондай-ақ мемлекеттік комитеттерге қатысты өкілеттіктерді алып тастау ұсынылады. Атап айтқанда, олардың қызметін басқару, актілерінің күшін жою және тоқтата тұру.
«Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес мемлекеттік бағдарламалар аталған жүйенің құжаттары болып саналмайды. Мұндай бағдарламалар қажеттілігіне қарай әзірленіп, бекітілетін болады», деп атап өтті Әділет министрі.
Ерлан Сәрсембаев елімізде 2021 жылдан бастап мамандандырылған әкімшілік соттардың енгізілуі құқық үстемдігі қағидатын нығайтудағы және мемлекет пен азамат арасындағы нақты теңгерімді қамтамасыз етудегі маңызды қадам болғанын еске салды.
Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға
«Осыған байланысты Конституцияның тиісті бабында сот билігі әкімшілік сот ісін жүргізу арқылы жүзеге асырылатынын тікелей көрсету ұсынылады. Бұл әкімшілік соттарға конституциялық-құқықтық мәртебе береді, жария-құқықтық дауларда азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін арттырады және қоғамның сот билігіне сенімін нығайтады», деді ол.
Жалпы Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді, ол тек қана жеке тұлғалардың емес, жария билік институттарының сапасына байланысты болады.
«Қоғам үшін бұл мемлекеттің сыртқы немесе ішкі жағдайларға қарамастан дәйекті әрі құқықтық тұрғыда әрекет ететініне болжамдылық пен сенімділікті білдіреді. Әлеуметтік міндеттемелер орындалып жатыр, экономикалық процестер жалғасып, халықаралық міндеттемелер сақталады», деп қорытындылады министр.
Артур Ластаев Конституцияда өмір сүру құқығының абсолюттік басымдығын бекітуді ұсынды