Білім • 27 Қаңтар, 2026

Алматыда химия пәнінің мұғалімі әлемдегі ең үздік ұстаздардың қатарына кірді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize 2025-2026 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі үздік 50 педагогтың қатарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алматыда химия пәнінің мұғалімі әлемдегі ең үздік ұстаздардың қатарына кірді

фото: Алматы қаласының әкімдігі

Татьяна Белоусова – педагог-шебер, «Қазақстанның үздік ұстазы – 2024» құрметті атағының иегері. Оның кандидатурасы сауалнама мен қосымша материалдарды тапсырудан бастап, сараптамалық бағалау және финалдық іріктеуге дейінгі көпсатылы кезеңнен өтті.

Әлемнің ең үздік 50 мұғалімінің ресми тізімі 2025 жылы 15 желтоқсанда Global Teacher Prize ресми сайтында жарияланды. Финалистерді марапаттау рәсімі 2026 жылы 1-5 ақпан аралығында Дубайда халықаралық білім беру форумы аясында өтеді.

Мұғалімдердің білім сапасы қай деңгейде?

Айта кетейік, Қазақстан Global Teacher Prize байқауына бесінші рет қатысып отыр. Осы уақытқа дейін ел өкілдері, биылғы іріктеуді қосқанда, үш мәрте әлемнің үздік 50 педагогінің қатарына енген.

Мұғалім жүктемесін азайтуға бағытталған Ұлттық білім беру платформасы іске қосылады

Еске сала кетейік, былтыр елімізде 91 мыңнан астам мұғалім біліктілікті арттыру бойынша тегін курстардан өтті.

Соңғы жаңалықтар