«Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында қылмыстық істер бойынша заттай дәлел ретінде танылған есірткі заттары, сондай-ақ оларды дайындауға, сақтауға, қаптауға және тұтынуға пайдаланылған түрлі заттар мен құралдар жойылды. Мұндай іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтуге бағытталған», деді Павлодар облысы ПД өкілдері.
Ведомство заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл жұмыстары кешенді сипатта жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жедел-іздестіру шараларымен қатар, профилактикаға, халық арасында тыйым салынған заттарға деген теріс көзқарас қалыптастыруға және жастардың заңсыз әрекеттерге тартылуының алдын алуға ерекше көңіл бөлініп жатыр.
Полиция өңір тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, бейжай қарамауға шақырады.
«Есірткінің заңсыз айналымы туралы кез келген ақпарат шешуші рөл атқаруы мүмкін.Құқыққа қарсы әрекеттер туралы «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы, сенім телефонына немесе 102 нөміріне хабарлауға болады. Анонимдікке кепілдік беріледі», дейді ведомство.