Фото: Ашық дереккөз
Бүгінде Қазақстан ТЖМ кәсіби құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге нақты қолдау көрсететін 17 мыңға жуық еріктілерді біріктіретін 136 волонтерлік ұйыммен өзара іс-қимыл жасайды. Жыл сайын ТЖМ базасында 2 мыңға жуық волонтерлік қозғалыстардың басшылары мен үйлестірушілері оқытудан өтеді.
Үкімет волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған Ұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті
Жалпы, ТЖМ волонтерлік ұйымдармен бірлесіп жұмыстарды үш негізгі бағыт бойынша ұйымдастырады:
- Табиғи апаттар кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету (оның ішінде гуманитарлық қолдау);
- ТЖ зардаптарының алдын алуға және жоюға қатысу;
- Хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу.
Оқу-жаттығу полигоны базасында ұйымдастырылған ТЖ саласындағы бірінші Республикалық волонтерлер форумын өткізу, сондай-ақ «ТЖ волонтерлігі» панельдік сессиясы шеңберінде Халықаралық волонтерлер форумында отандық тәжірибені таныстыру маңызды қадам болды.
Стихиялық волонтерліктен жүйелі дайындыққа көшуге ерекше назар аударылды. 2024 жылы Қостанай облысында авариялық-құтқару құралымдарының стандарттары бойынша мамандандырылған оқытудан өткен мобильді еріктілер топтарын құру бойынша пилоттық жоба іске асырылды.
Өткен жылдан бастап мұндай топтар еліміздің барлық өңірлерінде құрылды, бұл төтенше жағдайларға ден қою кезінде үйлестіруді арттыруға және тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жоба Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Волонтерлік қозғалыстар көшбасшыларының слетінде ұсынылды және Волонтерлікті дамыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасына енгізілді.