Саясат • Бүгін, 08:33

«Ақ жол» партиясының ұстанымы айқын

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақ жол» демократиялық партиясының орталық кеңсесінде партия ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда қатысушылар парламенттік фракцияның жаңа Конституция жобасын қолдау жөніндегі ұсынысын талқылады.

«Ақ жол» партиясының ұстанымы айқын

Сурет: ortalyq.kz

Партия төрағасы Азат Перуа­шев өткен жылдың қыркүйегінен бастап әуелі Парламенттік ре­фор­ма жөніндегі жұмыс тобы­ның, кейін Конституциялық комис­сияның құрамында жаңа Ата заң жобасын әзірлеу үшін атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Жобаның негізгі ережелерін «Ақ жол» партиясы фракциясының мүше­сі, Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева таныстырды.

Талқылау барысында партия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев, партияның парламенттік фракциясы аппаратының басшысы Берік Дүйсембинов, партияның Астана қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Ас­қар Смағұлов, Қызылорда об­лыс­­тық филиалының төрағасы, депутат әрі облыстық мәслихат ко­­миссиясының төрағасы Бауыр­жан Сандыбаев, Алматы облыстық филиалының төрағасы Мейраш Шынасылова, Қараған­ды облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ермек Әбілдин, Ақмола облыстық филиалының төрағасы, депутат әрі облыс­тық мәслихат комиссиясының төрағасы Саят Сыздықов, Жетісу облыстық филиалының төрағасы, депу­тат әрі облыстық мәслихат ко­мис­­сиясының төрағасы Ермек Егiнбаев, т.б. партия мүшелері сөз сөйледі.

Олар қабылданып жатқан шешімдердің дұрыстығын дәлел­дейтін жеке жұмыс тәжіри­бе­лерімен бөлісті, сондай-ақ қоғам­да талқыланып жатқан конс­титу­циялық реформа мә­селелері бо­йынша өз пікірлерін білдірді.

Ұлттық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын бір­ауыздан қолдап, редакциялық сипаттағы бірқатар ұсыныста­рын білдірді. Бұл ұсыныстар Конституциялық комиссияның хатшылығына жолданатын болады. 

Соңғы жаңалықтар

Қаратау қазынасы қисапсыз емес

Экономика • Бүгін, 08:55

Агросаладағы ауқымды жобалар

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Мұғалім жұмыссыз қалмайды

Қоғам • Бүгін, 08:37