Ауа райы • Бүгін, 10:25

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы автомобиль жолдарының жағдайы туралы мәлімет берді. 5 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Қостанай облысы

– «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-108 шақырым аралығы жабық (Тобыл қаласы – Әулиекөл кенті аралығы).

Маңғыстау облысы

– «Таушық – Шетпе» автожолының 0-70 шақырым аралығы;
– «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 338-638 шақырым аралығы (Бейнеу ауылы – Шетпе ауылы);
– «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» автожолының 0-85 шақырым аралығы жабық тұр.

Жолдар шамамен бүгін сағат 12:00-де ашылады.

Синоптиктер ескерту жариялады: Еліміздің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Сонымен қатар жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектеуі енгізілді.

Ақтөбе облысы

– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас–ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы жабық («ЭКО ойл» ЖҚС – Қызылорда облысының шекарасы).

5 ақпанда ауа райы қандай болады?

Қызылорда облысы

– Ақтөбе облысының шекарасы − Арал қаласы арасындағы автожолдың 1240-1362 шақырымы жабық тұр. 

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көлік айрығының тірек арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы жабылды. Бұл учаскеде Қалқаман кентіне кіру және Астана бағытына шығу уақытша тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облысы

Таулы аймақтың күрделі жағдайына байланысты Осинов асуында (46-66 шақырым, Солтүстік ауылының бұрылысы – Серебрянск қаласының бұрылысы) 2024-2025 қысқы кезеңінде тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Астана – Павлодар тасжолында жылдамдық режимі өзгереді

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38