Ата заң • Бүгін, 11:20

ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа Конституцияда адам, оның өмірі мен қадір-қасиеті мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені нақты бекітілген. ERG Көмір дивизионы кеншілері үшін бұл қарапайым әрі түсінікті қағидалар: еңбек қауіпсіздігі – формалды іс емес, мызғымас міндет. Жұмысшы құқығын қорғау – өтініш емес, заң, деп хабарлайды Egemen.kz.

ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады

«Шұбаркөл көмір» АҚ мен «Восточный» разрезі еліміздегі энергетикалық көмір өндіретін ең ірі кәсіпорындар қатарында. Олар Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып келе жатқан ірі өнеркәсіп нысандарына жатады.

– Бүгінде еліміз жаңа Конституцияны қабылдау сынды маңызды шешімнің алдында тұр. Еңбек ұжымы үшін бұл жай ғана құжат емес. Бұл – өмір мен дамудың негізі, құқық  пен бостандықтың кепілі. Конституцияда адам, оның өмірі мен қадір-қасиеті мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені нақты көрсетілген. Құжатта еңбек қауіпсіздігі – формалдылық емес, міндет, қызметкер құқықтарын қорғау – жүгіну емес, заң дегенді білдіреді, – деп атап өтті ERG Көмір дивизионының операциялық директоры Сергей Ким.

Кеншілер кәсіпорын табысы тәжірибе мен жастық жігердің, берік дәстүр мен өндірістегі заманауи тәсілдердің үйлесіміне негізделгенін атап өтті. Еңбек қауіпсіздігінің жоғары стандарттары, қызметкерлердің біліктілігі және технологияларды тұрақты дамыту – жұмыстың негізгі бағыттары болып қала бермек.

Еліміздің спортшылары мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады

Еліміздің болашағы өзіміз қабылдаған шешімдерге байланысты. Референдумға қатысу – осы тағдыршешті істен шет қалмай, өз болашағыңды таңдауға атсалысу деген сөз.

Жаңа Конституция жобасында адвокатура мәртебесінің бекітілуі қандай маңызға ие?

«Шұбаркөл көмір» АҚ және «Восточный» разрезінің кеншілері референдумға белсенді қатысып, баршаңызды дұрыс таңдау жасауға шақырады!

Бибісара Асаубаева: Еліміздің тұрақтылығына арналған реформаларды қолдаймын

Соңғы жаңалықтар