Ведомство мәліметінше, Рене (лақап аты – «Құмырсқа») және Альфонсо («Ахиллес») шамамен 15 жыл бойы картельдің бір бөлімшесін басқарып келеді. Оларға ақшаны жылыстату және есірткінің заңсыз айналымы баптары бойынша қылмыс жасады деген айып тағылып отыр
Мексикада атышулы қылмыстық топтың жетекшісінің қазасынан кейін жаппай тәртіпсіздік басталды
АҚШ билігі ағайындыларға алғаш рет 2014 жылы айып тақты, ал 2023 жылы Қаржы министрлігі оларды санкциялық тізімге енгізді. Бұған дейін АҚШ «Синалоаны» қоса алғанда, сегіз мексикалық қылмыстық ұйымды шетелдік террористік ұйымдар деп таныған болатын.