Саясат • Бүгін, 13:12

Иран Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығына соққы жасады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығының ғимараттарына ирандық ұшқышсыз аппарат соққы жасағаны туралы ақпарат тарады. Nour News агенттігі жариялаған кадрларда қала үстіне қою түтін көтерілгені байқалады, деп жазады Egemen.kz.

Иран Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығына соққы жасады

Алдын ала мәлімет бойынша, соққы Дубай Халықаралық қаржы орталығы (DIFC) орналасқан ауданға бағытталған. Әзірге шабуылдың нақты салдары мен зардап шеккендер туралы ресми мәлімет жарияланған жоқ. Жергілікті билік қауіпсіздік қызметтері оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.

Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді

Бұған дейін Иранның жаңа жоғарғы рухани жетекшісі аятолла Моджтаба Хаменеи Ислам Республикасы аймақтағы америкалық әскери нысандарға соққы жасауды жалғастыратынын айтқан еді. Сонымен қатар ол Иран көрші мемлекеттермен достық қарым-қатынасты сақтауға мүдделі екенін атап өткен.

Аймақтағы жағдай 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастағаннан кейін күрт шиеленісе түсті. Америкалық және израильдік күштер Иран аумағындағы бірқатар әскери нысандарға соққы жасап, әуе қорғанысы жүйелері, зымыран кешендері, әскери базалар мен теңіз күштерінің инфрақұрылымын нысанаға алған.

Трамп Иран құрамасының Әлем чемпионатына қатысуын орынсыз деп бағалады

Вашингтон бұл операцияның мақсаты Иранның әскери әлеуетін әлсірету және оның зымырандық әрі ядролық бағдарламасының дамуын тежеу екенін мәлімдеген.

Операция басталғалы бері Иран аумағына жүздеген соққы жасалған. Шабуылдар командалық орталықтарға, қару-жарақ қоймаларына және зымыран ұшыру қондырғыларына бағытталған.

Иранның жаңа рухани жетекшісінің жараланғаны расталды

Өз кезегінде Тегеран да жауап ретінде Таяу Шығыстағы америкалық базалар мен АҚШ одақтастарының нысандарына зымыран және ұшқышсыз аппараттар арқылы соққы жасай бастады. Сарапшылар бұл әрекеттер аймақтағы қақтығыстың ауқымы кеңейіп, әскери текетірестің жаңа кезеңіне өткенін көрсетеді деп бағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар