Логистика • Бүгін, 10:48

«Қазпошта» акциялары қашан сатылымға шығады?

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазпошта» басшысы Бекежан Жакеев ұлттық компанияның алдағы жоспарлары мен IPO жайлы мәлімдеді. Оның айтуынша, акцияларды алғашқы орналастыру (IPO) 2028 жылға жоспарлан, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазпошта» акциялары қашан сатылымға шығады?

Компания басшысы ұлттық оператордың табыстылығын арттыру қажеттігін атап өтті.

«Үкіметтің қаулысымен «Қазпошта» 2028 жылы IPO-ға шығуы тиіс. Осыған байланысты тиісті жол картасы әзірленді», деді ол.

Бекежан Жакеевтің айтуынша, жақын арада шетелдік инвестицияларды тарту жобалары іске асырылмақ.

«Біз негізінен шетелдік инвестицияларды тарту жобаларына назар аударғымыз келді. Қазір YTO компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрдық – бұл Қытайдың халықаралық логистикалық операторларының топ-10 қатарына кіретін компания. Келесі жоспарымыз – JD.com маркетплейсімен ынтымақтастық, яғни біз бұл маркетплейске қол жеткізу жолын қамтамасыз етеміз. Наурыз айында маркетингтік стратегияның тест нұсқасын іске қосу жоспарланған. YTO сияқты, JD.com-мен ынтымақтастық та белсенді дамиды»,  деп жалғастырды ол.

«Қазпошта»: Таяу Шығыстағы 7 елге сәлемдемелер жөнелту тоқтатылды

Компания басшысы сонымен қатар ірі инфрақұрылымдық жобалардың қатарында логистикалық хабтар салынатынын атап өтті:

«YTO компаниясы Алматы облысында хаб құрылысына кірісті. Жобалық-сметалық құжаттар әзірленді, наурызда құрылыс жұмыстары басталады. Сондай-ақ Ақтөбеде 15 мың шаршы метр логистикалық хаб салынуда. Бұған қоса, Қарағанды әуежайында авиахаб құру мақсатында әуежай басшылығы және YTO өкілдерімен бірлескен кездесу өткіздік. Осының нәтижесінде жергілікті әкімдік әуежай маңынан 4 га жер бөлді», деді ол.

Сонымен қатар «Қазпошта» эстондық Omniva компаниясымен бірлесіп электрондық коммерцияны дамытуды қолға алмақ.

«Бірлескен кәсіпорын құрылды. «Қазпошта» өз инфрақұрылымын және нарыққа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ал Omniva технологиялық шешімдерді ұсынады», деді компания басшысы.

Айта кетейік, «Қазпошта» IPO-сы алғаш рет 2019-2020 жылдары жоспарланған болатын.

Логистика, бұл – жаңа мұнай: Елімізде қойма тапшылығы күрт күшейді

Соңғы жаңалықтар