Оқиға • Бүгін, 10:40

Семейде ЖИ көмегімен жалған сурет жасаған тұрғын жауапқа тартылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында 27 жастағы азамат жасанды интеллектінің көмегімен жалған сурет жасап, оны полицияға жолдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде ЖИ көмегімен жалған сурет жасаған тұрғын жауапқа тартылды

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 17 наурыз күні сағат 20:00 шамасында call-орталыққа «Гастелло көшесіндегі өндірістік цех су астында қалды» деген хабар түскен. Жедел қызметтер дереу оқиға орнына аттанғанымен, ешқандай төтенше жағдай тіркелмеген. Тексеру кезінде хабарламаның жалған екені анықталды.

Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды

Полиция тексерісінің қорытындысына сүйенсек, азамат жіберген суреттер нейросет арқылы жасалған. Қоғам мен қызметкерлерді адастыратын жалған хабарлама құқық қорғау органдарының назарын аударған.

Семей тұрғынына жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жаза қолданылды. Полиция департаменті мұндай материалдарды әзіл ретінде жасаған адам да заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Ведомство азаматтарды цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект арқылы жасалған контентке мұқият қарауға шақырады.

Мұхтар Шаханов өз атынан тараған жалған ақпаратты жоққа шығарды

Соңғы жаңалықтар

«Балуан тас сапары» басталды

Аймақтар • Бүгін, 10:22