АСТАНА. 9 наурыз. Бас прокурор Асхат Дауылбаев Монако кінәздігіне жасаған сапары шеңберінде кінәздіктің мемлекеттік кеңес төрағасы, жоғарғы сот төрағасы, әділет министрі Филипп Нарминомен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында қылмысқа, қылмыстық жолмен табылған қаражатты жылыстатуға қарсы тұру саласында, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесудің нәтижесінде еліміз бен Монако кінәздігі арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шартқа қол қойылды.
Шарт Президенттің Монако кінәзі II Альбермен 2012 жылғы кездесуі барысында қабылданған Бірлескен мәлімдемені жүзеге асыру мақсатында жасалды, оның аясында халықаралық қауіпсіздікті нығайту бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.
Тараптар қол жеткізілген келісімдердің екі мемлекеттің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан мен Монако азаматтарының конституциялық құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауға зор үлес қосуға бағытталғанын қанағаттанушылықпен атап өтті.
Қазақстанның басты қадағалаушы органының жетекшісі атап өткендей, біздің ел үшін бұл еуропалық қауымдастыққа жақындасу жолындағы кезекті және маңызды қадам болып табылады. Монако кінәздігі қылмысқа қарсы күрес саласында Қазақстанмен халықаралық шарт жасасқан тағы бір еуропалық ел болды. Осы оқиға Қазақстанның құқықтық жүйесіне деген сенімнің артуы және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін қамтамасыз ету бойынша жалпылай танылған халықаралық стандарттарға сай құқықтық тетіктердің біздің елімізде қалыптасуының айқын белгісі болып табылады.
Тараптар шартты жүзеге асырудағы келесі қадамдарды талқылап, трансұлттық ұйымдасқан қылмысты ескерту және жолын кесу бойынша үйлесімді іс-қимылдың маңыздылығын атап көрсетті.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
• 09 Наурыз, 2015
Бас прокурор Монако кінәздігінде жұмыс сапарымен болды

Медицинада жасанды интеллект қолдану: Жаңа нормативтік құжат әзірленді
Медицина • Бүгін, 22:02
Отан қорғаушылар күні Астанада ірі плац-концерт өтеді
Елорда • Бүгін, 21:28
Астанада киберспорттан әлемдік деңгейдегі 16 команда жарысқа түседі
Спорт • Бүгін, 21:12
TikTok-тағы таныстық қымбатқа түскен: Жас жігіт 2,3 млн теңгесінен айырылған
Оқиға • Бүгін, 20:56
Қай айда туғандар ұзақ өмір сүреді? Ғалымдар сенсациялық қорытынды жасады
Таным • Бүгін, 19:53
Ұлттық банк мамырда қанша валюта сататынын жариялады
Банк • Бүгін, 19:15
Үкімет Риддердегі жылу желілерін жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 18:52
Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларына тағы 50 пәтер сыйлады
Қоғам • Бүгін, 18:28
Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 18:05
Енді статистикалық деректерді «AI Stat» сервисі арқылы алуға болады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:53
Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Президент • Бүгін, 17:10
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Ата заң • Бүгін, 17:02
Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
Президент • Бүгін, 16:57