Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясында жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында ведомство басшысы ресейлік әріптесі Анатолий Сердюковпен кездесті. Мұнда тараптар бірқатар мәселелерді қарастырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қорғаныс министрліктері арасындағы 2011 жылғы ынтымақтастық жоспарына қол қойды.
Келіссөздерде әскери-ғарыштық саладағы өзара іс-қимыл мәселелері де талқыланды. Ол глонасс жүйесін пайдалану және Қазақстанның зымырандық шабуылды ақпараттық хабарлау, сондай-ақ ғарыштық кеңістікті бақылау жүйесіне қатысуға арналды.
Соңғы 14 жыл ішінде Қазақстан Республикасының 3600-дан астам әскери қызметшісі Ресей Федерациясының әскери және азаматтық оқу орындарын, сондай-ақ, академиялық және офицерлік курстарын тәмамдады. Қазіргі таңда Ресейдің 42 әскери оқу орны мен оқу орталықтарында оқудың толық бағдарламасы бойынша және қысқа мерзімді курстарда мыңнан астам қазақстандық әскери қызметші даярлықтан өтіп жатыр.
Әділбек Жақсыбеков әскери-техникалық ынтымақтастық Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасындағы ең басым бағыттардың бірі әрі екі жақты байланыстарды дамытуда екі экспортер – “Қазарнаулыэкспорт” РМК мен “Рособоронэкспорт” ФМУК маңызды элементтердің бірі деп атап өтті.
Қорғаныс ведомствосының басшысы мұнымен бірге Қазақстан Қарулы Күштерінің жөндеу мен жетілдіру жұмыстарын тікелей жеткізумен ғана емес, сонымен бірге жоғары технологиялық өндірісті интеграциялау саласында да ынтымақтастықты дамытуға әзір екендіктерін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстанда Ресей Федерациясымен бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды. Бұл жерде тек әскери техникаға қажетті жиынтық элементін ғана емес, сонымен бірге заманауи қару-жарақ кешенін өндіру салаларына қызығушылық білдірілді.
Екі ел қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуінде әскери және әскери-техникалық саладағы екі жақты ынтымақтастық белгіленген мақсаттарға жету жолында маңызды рөл атқаратындығы аталды. Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының стратегиялық бағыты еске алына отырып, қазақстандық авиациялық техниканы Ресей Федерациясының кәсіпорындарында жөндеу жөніндегі мәселе талқыланды.
Екі мемлекеттің қорғаныс министрлері кездесуі барысында Қазақстан Орталық Азия аймағындағы Ресейдің басты серіктесі екендігі аталып өтті. Әскери саладағы байланыс одан әрі де қарқынды түрде дами беретініне сенім білдірілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Елімізде қылмыс жылдан-жылға азайып келеді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:32
Алматыдағы крематорий жақын күндері жұмысын бастайды
Аймақтар • Бүгін, 15:28
Былтыр елімізде 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды
Өндіріс • Бүгін, 15:20
НАТО күштері Гренландияға орналастырылуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:02
Өскеменде Жақсылық Үшкемпіров пен Оралхан Бөкейге көше берілді
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Кітап көрмесі: Үнді оқырмандары қазақ тарихына қызығады
Әдебиет • Бүгін, 14:48
Отандық нарықтағы отын бағасы басқа елдермен теңестіріледі
Экономика • Бүгін, 14:46
Атырау облысына қанша сұйытылған мұнай газы қажет?
Аймақтар • Бүгін, 14:26
Шекара шебіндегі Шіліктіге интернет жетті
Аймақтар • Бүгін, 14:08
Ғалымжан Кенжебек ресейлік «Ахматтың» ойыншысы атанды
Футбол • Бүгін, 14:01
Блогер Қайсар Қамза өзіне іздеу салынғаннан кейін алғаш рет пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 13:05
Астанада жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы қаржы жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:00
Нобель комитеті: Бейбітшілік сыйлығын Трампқа беру мүмкін емес
Әлем • Бүгін, 12:50
Қостанайда екінші дүниежүзілік соғыс ардагері 100 жасқа толды
Өшпес даңқ • Бүгін, 12:48
Еліміздің 2025 жылғы ІЖӨ өсімі 6,5%-ды құрады
Экономика • Бүгін, 12:32