ҚЫЗЫЛОРДА. 24 ақпан. Қызылордада жақында ашылған паллиативтік көмек беру бөлімшесін жабдықтауға аймақтың бизнес өкілдері белсенді атсалысуда. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушысы Дархан Мырзалиевтің айтуынша, меценаттар жаңа бөлімге жұмсақ, корпусты, медициналық жиһаздар, тұрмыстық техникалар, жүріс арбасын және өзге де науқастардың қажеттілігіне арналған заттарды алып берді. Олардың басым бөлігі мұнай-сервистік компаниялар, сондай-ақ «Frac Jet», «НефтьТехСервис», «ПиЭм Лукас Қазақстан», «Дос Инжиниринг», «Сыр Маржаны», «Kyzylorda Wildlife Foundation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Жандос Қарабала, Қадырберген Бедер, Мақсат Мүбарак, Анвар Якупов.
Кәсіпкерлер бұл көмектерін «емделушілерге моральдық көмек көрсетіп, қолдау білдіргіміз келді. Бұл бастамамыз өзге азаматтар да жалғап алып кетеді деген сенімдеміз» дейді.
«Облыс әкімінің қолдауымен жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға облыста онкологиялық дертпен ауыратын науқастарға паллиативтік көмек көрсетуге арналған 15 орындық хоспис ашылған болатын. Аталмыш ауруға шалдыққан, жағдайы өте төмен азаматтарға арналған мұндай орталықты ашу бұрыннан жоспарымызда бар болатын. Бірақ сәті енді түсті. Көңілге қуаныш ұялататыны, кәсіпкерлердің бірден көмек қолын созып, орталыққа қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткендігі», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.
Айта кетейік, паллиативтік көмек беру бөлімшесінің емделушілеріне палата жанындағы облыстық іскер әйелдер кеңесі де көмек көрсетуде. Кеңес мүшесі Айжан Шегенова бастаған нәзік жандылар орталықты бөлме гүлдерімен безендіріп, қабырға суреттерін табыс етті. Сондай-ақ, алда келе жатқан Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сұлулық салоны қызметкерлерімен орталықта жатқан қыз-келіншектерге қызмет көрсететіндіктерін жеткізді.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
• 25 Ақпан, 2016
Қызылордада кәсіпкерлер қайырымдылық шарасын өткізді

Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13