жобасы бойынша қорытынды әзірленетін болды
Кеше Парламент Мәжілісінде палата Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен кезекті жалпы отырыс болды. Күн тәртібіне төрт мәселе шығарылған еді
Соның ішінде «Жайылымдар туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі бірінші болып қаралды. Бұл заң жобасы депутаттардың бастамашылығымен бесінші шақырылымда әзірленген екен. Жобаның авторы – депутат Жексенбай Дүйсебаев. «Егеменнің» жылжабар айдарына берген сұхбатында ол осы күнге дейін елімізде жайылымдар туралы заң жоқ екенін, сол үшін аталған заңды әзірлегенін айтқан. Енді заң жобасы Үкіметте қаралып, қабылдану үшін Парламентке келіп отыр.
Заң жобасы туралы палатаның Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров баяндады. Оның айтуына қарағанда, бүгінгі таңда республикада шамамен 188 млн. гектар жайылым бар. Соның 80 млн. гектары, яғни 43 пайызға жуығы ғана пайдаланылады. Оның ішінде 27 млн. гектар тозған және олардың басым бөлігі елді мекендерге жақын орналасқан жерлерге тиесілі. БҰҰ-ның халықаралық сарапшыларының дерегіне қарағанда, одан келетін шығын жылына 1 млрд. долларды құрайды екен. Елімізде осы уақытқа дейін жайылымдар туралы заң болмағандықтан, олардың құнарын сақтаудың, тиімді пайдаланудың құқықтық нормалары жоқ. Мына заң жобасы солардың бәрін ескерген, деді баяндамашы.
Депутаттар заң жобасы туралы қорытынды әзірлеу үшін желтоқсан айына дейін мерзім беруге келісті.
Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары «Жайылымдар туралы» заң жобасының ілеспе құжатын да жұмысқа қабылдады.
Жалпы отырыста Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) ратификациялауға арналған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі де белгіленді.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе Қазақстан мен Македония арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы жөнінде болатын. Бұл келісімге сәйкес әрбір тарап өз аумағында екінші тарап инвесторларының инвестициялары мен инвестицияларынан түскен кірістеріне әділ және тең құқылы режімін, сондай-ақ, олардың толық қорғалуын қамтамасыз етеді.
Заң жобасы бойынша Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев баяндама жасады. Ол келісімнің екі жаққа да тиімді екендігін дәлелдеп берді. Қосымша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов заң жобасы инвестициялық ахуалды жақсартуға, өзара сауда-экономикалық байланысты нығайтуға ықпал ететінін жеткізді. Бұл – біздің елдегі инвестицияларды көтермелеуге және қорғауға арналған 49-шы құжат. Сондықтан, аталған заң жобасын ратификациялау Қазақстанға тағы бір мемлекеттен инвестиция тартуға ықпал етеді деп күтілуде, деді ол. Заң жобасы бірауыздан мақұлданды.
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болған соң депутаттар орталық билік органдарына арнаған өздерінің депутаттық сауалдарын жария етті.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Туризм • Бүгін, 16:17
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32