Канаданың Қазақстандағы елшісі Шон Стайл С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне келіп, оқытушы-профессорларға, докторанттар мен магистранттарға дәріс оқыды. Елші өз сөзінде Канададағы аграрлық ғылымның қол жеткен бүгінгі жетістіктері, жаңа инновация мен озық технологияның экономикадағы орны, елдегі фермерлік шаруашылықтардың қызметі, ет өнімдерінің сапасы жайында кеңінен баяндады. Сонымен қатар, Канададағы банктердің жеңіл несие беру саясаты, мемлекеттік және жеке жоғары оқу орындарының мәртебесіне қарамай тең қаржыландырылуы туралы айтылды.
Иә, бұл елден біздің үйренетініміз жетерлік.
Лектордың айтуынша, Канаданың Саскачеван провинциясы мен біздің Солтүстік Қазақстан аймақтарының ауа райы және топырақ құнарлылығы өте ұқсас. Соған қарамастан Канадада дәнді дақылдардың өнімділігі бізге қарағанда 2 есе жоғары. Оларда бидай егісінің жалпы үлесі 40 % болса, қалғандары майлы және бұршақ тұқымдас дақылдар. Біздің елде егістіктің 70%-дан астамын бидай құрайды. Сөйтіп, бидай Қазақстанда монодақылға айналып кеткен. Ал қалған аз бөлігі ғана түрлі дақылдар мен мал азығы болып отыр. Бұл іс жүзінде керісінше болуы тиіс.
Канадада бір сиырдан жылына 10 мың литр сүт сауылса, біздің елде бұл айтуға тұрмайды. Осыдан-ақ біздің аграрлық ғылымның қаншалықты артта қалып қойғанын біле беріңіз. Қашан өзгеріс болады? Аграрлық ғылымға жаңалық әкелер батыл реформалардың уақыты жеткен сияқты. Өйткені, аграрлық ғылым ауыл шаруашылығының іргетасы емес пе?!
«Егемен-ақпарат»

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Туризм • Бүгін, 16:17
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32