Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
376 материал табылды

Әдебиет • 13 Ақпан, 2022

Теңізбен ерегес

Жығылғысы, жеңілгісі келмейді адам. Жеңілгені былай тұрсын, жеме-жемге келгенде, бір нәрсені мойындауының өзі қиын. Қайткен күнде қапысын тауып жеңіп кетуді ойлап тұрады. Әйтеуір осы психология адамзатқа ертеден тән секілді. Түпсана солай ма, білмедік.

Қоғам • 10 Ақпан, 2022

Сағыныш өліп барады

Біздің көбімізді көше тәрбиелегені күмәнсіз шығар. Түбегейлі көше демесек те, бала тәрбиесіне көшенің ықпалы жоқ емес. Біз деп отырғанымыз – тәуелсіздік жылдарында өмірге келген жастар. Алды отыздан асып, қырыққа аяқ басты. Соңы болмай-ақ қойсын, бәрі азаттық атын жамылып туғаны қандай тамаша.

Әдебиет • 09 Ақпан, 2022

Сұрапыл Сұркөжек

Сұркөжек атты сіз де білесіз деп ойлаймыз. Өйткені осы тұлпар туралы жазған Мұхтар Мағауин әңгімесінің басында айтады.

Әдебиет • 08 Ақпан, 2022

Жан сөзі

Ертең ақын Есенқұл Жақыпбектің туған күні екен. Мұқағали Мақатаевтан бір күн кейін, 1954 жылы 10 ақпанда дүниеге келген ақынның біздің қолға алғаш түскен кітабы «Тазқара құстың тағдыры» жинағы деп жүрсек, қателесіппіз.

Әдебиет • 06 Ақпан, 2022

«Құлағынан қан аққан құлын дене...»

Ауыл құралайдың салқыны өтісі­мен жапа-тармағай бие байлайтын. «Құралай өтсін, құлындар қа­ра­құлақтансын» деп отыратын үл­кендер. Кейде «қарақұлақтанып қал­ған екен» деп мамыр туысымен бай­лап жіберетін. Құралайдың сал­қынымен қабаттасып та байлайтын жылдары болатын. Суық, салқын уақыт қой бұл. Жаңбырлатып басталып, арты қарға ұласатын. Құралайда киіктер лақтап, лағын өргізеді дейтін. Бөкендер бір уақытта лақтайды екен де, құралайлары жата-жата қалатын болса керек.

Әдебиет • 01 Ақпан, 2022

Сарысу бойлаған сағым жұрт...

Өлең толқи ма, өзен толқи ма, белгісіз. Себебі өзен бойының шөбі өлең деп отыратын үлкендер. Қазақтың көнеден келе жатқан «шөп те өлең, шөңге де өлең» деген сөзін еске салады. Қыстыгүні өлең шөптің малға жұғымы болмаған соң қазақ жарата бермейді. Өлеңші сөзінің сыры осы жерден ашылады. Көңіл тербеп, жан тебіреніп, көкірекке содан біткен шер толқытып туған сөз өмірдің өзін басқа арнаға бұрып жіберуі мүмкін. Нағыз әдебиеттің сөзі де сол болмақшы.

Әдебиет • 30 Қаңтар, 2022

Мұқағалидың бір өлеңі

Әдетте оқырман өлеңнен өзін іздейді. Көргенін, естігенін, басынан өткергенін, жанына жақынын тауып жатса тіптен құныға түседі де, сол шығарма есінде қалып қояды. Немесе «осылай екен-ау, ә» деп таңғалған жағдайда көкейде қалады туынды.

Әдебиет • 26 Қаңтар, 2022

...Сөйтіп жүрген «Сұрша қыз»

Сөз өнері болған соң қатыс­пайтын жері бар ма әдебиет­тің? «Әлем кітапқа кіруге ұм­тылады» деген бір даныш­пан­ның ойына бақсақ, керісін­ше болып шыға келеді. Кім де болсын көркем өмірге талпынатындай, әлем әдебиетке кіруге құмартып тұрады. Ескі өмірдің жаны мен рухы, демі мен тынысы, замандардың сы­ры мен сымбаты, әні мен мәні әдебиетте жүреді. Ішінде толқып өмір, жортып тарих ба­ра жатады. Халық арасында кең тараған әндер екібастан солай.

Әдебиет • 24 Қаңтар, 2022

Қорғансыз қазақ рухы

«Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік» деп басталатын «Арман­дастар» атты ән бар. Мақпал Жү­ні­сованың орындауында шыр­қалып келеді. Бір дәуірдің аспанын ұстап тұру деген, әрине, құдіреттің ісі. Десе де, осылай да шабыттың шырқауына шығып айтуға да бойыңа бір ақындық алапат күш бітуі керек шығар. Әнде айтылғандай, замандас­тар бір дәуірдің мөлдіреген аспаны болар я болмас, олар туралы жырлағанда қиял биігіне көтерілген ақын бойынан сезім алапаты туғаны анық.  

Руханият • 26 Желтоқсан, 2021

Аманжолдың мақамы

«Екейде елу бақсы, сексен ақын, гулейді жын соққандай кешке жақын» деді Жамбыл жырау. Аузымен құс тістеген Алатаудың Жамбылы болған соң арқасы қозып осылай демегенде ше?! Сол сексен ақыннан қара үзіп шығып, жыр алыбына айналарын сезген соң да айтты, бәлкім.