
Егемен Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2021
«Egemen Qazaqstan» газеті мен «Российская газета» өзара келісім жасасты
Республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті мен «Российская газета» баспасы өзара іс-қимыл туралы әріптестік келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2021
Жан – Алладан, ми – адамдыкі болғанымен, жүрек – иттікі. Не адам емес, не ит емес – бірдеңе. Қалай өмір сүрсе болады? Оны өзі де білмейді. Ақылы сау, есі түзу адам жасаған эксперимент осыған әкелсе не істей аласыз? Мүмкін бұл автордың жасап отырған кейіпкері сол кездегі саяси жүйе не тұтас қоғамның өзі ме екен?
Руханият • 01 Қараша, 2021
«Қайырлы болсын сіздерге, менен қалған мынау Еділ жұрт...» Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» деп басталатын осы толғауының тақырыбын «Қайран Еділ» екен деп ойлап келдік. Елдің жадында сақталып, осы заманға жеткен сөз – ХV ғасырда туған ең көне толғаулардың бірі. Әшейін толғау деуге келмейтін ұлы туынды десе жарасады. Ел айырылған алмағайып кезеңнің бейнесін кейіптеген шығарма жерін тастай көшкен жұрттың зарын да, заңғарлығын да аңғартады.
Әдебиет • 12 Қазан, 2021
Ақындар сертпен туатын сияқты. Ақынның миссиясы, азаматтық кредосы деп жатады кейде. Маралтай Райымбекұлы «Ар» өлеңінде «тұлпардың ары – озу тек» дейді. Ақындық (адамдық) серт пен ардың бітісі бір. Серт жолынан тайған күні арың азап шегеді. Ал сол арға дақ түсіру – өліммен пара-пар. Біреулері тірідей өледі, біреулері серт жолында шаһит кетеді.
Әдебиет • 27 Қыркүйек, 2021
Ақын-жазушылардың жүріс-тұрысы, өзін ұстауы, кей-кейде қайталанып тұратын тосын қылықтары деген өз алдына бөлек бір әлем. Тіпті әртүрлі қызыққа қалдырып, күлкі шақыратын әрекеттерін естігенде, «солай екен-ау» деп таңғалдыратыны тағы бар. Олар да пенде, ет пен сүйектен жаралған жан баласы, бірақ қалам ұстаған соң, бір қасиеті артық тұрғанын қалайсың. Алтайдың Кербұғысы Оралхан Бөкей айтпақшы, «Аспан болған соң, ашығы жақсы». Шығармасын оқып, әртүрлі ой мен сезімге қаныққан соң, әлгіндей артық қасиеттерді де сол автордың бойынан көргісі келмей ме адамның? Оралханның жоғарыдағы сөзіне салсақ, «жазушы болған соң, жақсы киінгені жақсы» дегендей, әңгіме әр қиырға жетелейтінін кәнігі оқырман әлден байқап та отырған шығар.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2021
Әліппеден білдік пе, әлде әке-шеше не мұғалім жаттатқан алғашқы өлең сол ма, біздің тұңғыш танығанымыз Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге-сі» еді. Айтылуы да, жатталуы да тез, біреу өлең сұраса тақылдатып оқып беретінбіз. Кейіннен бұған Абайдың қаншама өлеңі қосылды. Ең мықты өлеңдері осы екен деп, шіреніп оқушы едік. Анығында Абайдың әр өлеңі өзінің төлқұжатындай құмбыл дүние екендігіне әлі күнге ой талдырып келеміз. Жақсы араласатын бір ағамның айтқаны бар.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2021
Жұматай Жақыпбаевтың тақырыпсыз өлеңі бар. Джоконданың жамалы, қасиеті туралы айтып келе жатады да, Ләйләні жырлап кетеді. «Джоконда миығында – жымиыс, қарайды енді ол басқа арулар заманын» дейді. Тура сол сияқты, өнер, сұлулық сияқты Тәңірінің берген артық қасиеттері қай заманның болсын құрдасы болып жүре беретіні белгілі. Келер заманға Джокондаға ұқсап картинадан сығалауы мүмкін, өлең, ән болып сырласып, тіпті тіл бітіп сахнадан сөйлеп шыққанын да көрдік. Мұндай құбылысқа әсіресе, театрда көп ұшырасамыз.
Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2021
Қазақта жырдың күйіндей деген сөз бар. Әңгімені жырдың күйіндей қылып жеткізетіндер болады. Ақ тазының алғанын айтып қоя салмай, әуелі қара тазының шалғанын, сол уақытта желдің қалай соғып, жалт бұрылғанда тымағының қисайып бара жатқанын, оны түзей бергенде ер-тоқымы ауып, аттан түсіп қала жаздап зорға түзеліп, міңгі торының жуастығынан аман қалғанын, жынды торы болғанда құлап мертігіп, не жаяу жете алмай қиырда қаларын бір қаперге салып өтіп, әйтеуір сөйтіп жүргенде ақ тазының түлкіні аузына түсіргенін әсірелеп айтқанда, аузыңның суын құртып қояды. Аз ғана дүниені жырдың күйіндей қылады. Бұлай әсірелеп сөйлеудің жақсы, жамандығы бөлек әңгіме.
Өнер • 09 Қыркүйек, 2021
«Әркімнің туған жері – Мысыр шәрі» дегендей, көзін ашып көрген шоқысы мен тауы қай адамның болсын Самалтауы емей немене? Қолатынан самал еспесе, сайынан жұпар аңқымаса, оның тау аты қайсы?! Жазы-қысы желі бір тынбайтын ауылдар да болады. «Бораны он күн соққан естен кетпес, үйренген ауылыма ештеңе етпес» деген жолдар да атақты «Самалтау» әні шыққан атыраптан алыс жерде тумаған.
Руханият • 05 Қыркүйек, 2021
Қазақ әнұраны авторларының бірі Шәмші Қалдаяқты кім білмейді қазір?! Араға мың жыл салып барып Фарабиден кейін туған Отырардың өрені! Екеуінің топырағы бір.