
Әдебиет • 01 Ақпан, 2022
Өлең толқи ма, өзен толқи ма, белгісіз. Себебі өзен бойының шөбі өлең деп отыратын үлкендер. Қазақтың көнеден келе жатқан «шөп те өлең, шөңге де өлең» деген сөзін еске салады. Қыстыгүні өлең шөптің малға жұғымы болмаған соң қазақ жарата бермейді. Өлеңші сөзінің сыры осы жерден ашылады. Көңіл тербеп, жан тебіреніп, көкірекке содан біткен шер толқытып туған сөз өмірдің өзін басқа арнаға бұрып жіберуі мүмкін. Нағыз әдебиеттің сөзі де сол болмақшы.
Әдебиет • 30 Қаңтар, 2022
Әдетте оқырман өлеңнен өзін іздейді. Көргенін, естігенін, басынан өткергенін, жанына жақынын тауып жатса тіптен құныға түседі де, сол шығарма есінде қалып қояды. Немесе «осылай екен-ау, ә» деп таңғалған жағдайда көкейде қалады туынды.
Әдебиет • 26 Қаңтар, 2022
Сөз өнері болған соң қатыспайтын жері бар ма әдебиеттің? «Әлем кітапқа кіруге ұмтылады» деген бір данышпанның ойына бақсақ, керісінше болып шыға келеді. Кім де болсын көркем өмірге талпынатындай, әлем әдебиетке кіруге құмартып тұрады. Ескі өмірдің жаны мен рухы, демі мен тынысы, замандардың сыры мен сымбаты, әні мен мәні әдебиетте жүреді. Ішінде толқып өмір, жортып тарих бара жатады. Халық арасында кең тараған әндер екібастан солай.
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2022
«Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік» деп басталатын «Армандастар» атты ән бар. Мақпал Жүнісованың орындауында шырқалып келеді. Бір дәуірдің аспанын ұстап тұру деген, әрине, құдіреттің ісі. Десе де, осылай да шабыттың шырқауына шығып айтуға да бойыңа бір ақындық алапат күш бітуі керек шығар. Әнде айтылғандай, замандастар бір дәуірдің мөлдіреген аспаны болар я болмас, олар туралы жырлағанда қиял биігіне көтерілген ақын бойынан сезім алапаты туғаны анық.
Руханият • 26 Желтоқсан, 2021
«Екейде елу бақсы, сексен ақын, гулейді жын соққандай кешке жақын» деді Жамбыл жырау. Аузымен құс тістеген Алатаудың Жамбылы болған соң арқасы қозып осылай демегенде ше?! Сол сексен ақыннан қара үзіп шығып, жыр алыбына айналарын сезген соң да айтты, бәлкім.
Тәуелсіздік • 14 Желтоқсан, 2021
Халқымыздың басты байлығы Тәуелсіздік екенін жиі айтады Елбасы. «Тәуелсіздікке қол жеткізу бар да, оны уыстан шығармай ұстап тұру – одан да маңызды» деуден жалықпай келеді. Әрине, бұл қанша қайталап айтса да, дәмі кетпейтін сөз. Азаттық алғанға дейін қазақ даласында ел мен жер үшін болған кез келген күрес Тәуелсіздіктің қадірін білуге жетелейді. Ұлттық намысқа жан бітіреді.
Егемен Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2021
«Egemen Qazaqstan» газеті мен «Российская газета» өзара келісім жасасты
Республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті мен «Российская газета» баспасы өзара іс-қимыл туралы әріптестік келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2021
Жан – Алладан, ми – адамдыкі болғанымен, жүрек – иттікі. Не адам емес, не ит емес – бірдеңе. Қалай өмір сүрсе болады? Оны өзі де білмейді. Ақылы сау, есі түзу адам жасаған эксперимент осыған әкелсе не істей аласыз? Мүмкін бұл автордың жасап отырған кейіпкері сол кездегі саяси жүйе не тұтас қоғамның өзі ме екен?
Руханият • 01 Қараша, 2021
«Қайырлы болсын сіздерге, менен қалған мынау Еділ жұрт...» Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» деп басталатын осы толғауының тақырыбын «Қайран Еділ» екен деп ойлап келдік. Елдің жадында сақталып, осы заманға жеткен сөз – ХV ғасырда туған ең көне толғаулардың бірі. Әшейін толғау деуге келмейтін ұлы туынды десе жарасады. Ел айырылған алмағайып кезеңнің бейнесін кейіптеген шығарма жерін тастай көшкен жұрттың зарын да, заңғарлығын да аңғартады.
Әдебиет • 12 Қазан, 2021
Ақындар сертпен туатын сияқты. Ақынның миссиясы, азаматтық кредосы деп жатады кейде. Маралтай Райымбекұлы «Ар» өлеңінде «тұлпардың ары – озу тек» дейді. Ақындық (адамдық) серт пен ардың бітісі бір. Серт жолынан тайған күні арың азап шегеді. Ал сол арға дақ түсіру – өліммен пара-пар. Біреулері тірідей өледі, біреулері серт жолында шаһит кетеді.