
Білім • 29 Наурыз, 2024
Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталады. Қабылдау 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Ғылым • 28 Наурыз, 2024
Тағылымдамадан өтетін мамандар тізімі
Тағылымдамадан өтетін мамандардың жаңа тізімі бекітілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Білім • 28 Наурыз, 2024
Maqsut Narikbayev University-дің 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиын университеттің бұрынғы және қазіргі профессорларын, оқытушыларын, түлектерін және қызметкерлерін біріктірді, бас-аяғы іс-шараға 5 мыңнан аса қонақ қатысты.
Ғылым • 22 Наурыз, 2024
Даламыздың дарқандығы тек ұлан-ғайыр кеңдігінде ғана емес. Жер-анада адам жанына қоса тәнін де емдейтін өсімдіктер, әлі қаншама құпиясы ашылмаған табиғи туындылар бар. Қазақ көп аурудың шипасын табиғаттан тапқан, бірақ емнің дерлігі ғылыми негізделмеген. Өйткені оның тереңіне үңілу, сырын ашып, «сөйлету» асқан білімді, толассыз ізденіс пен табандылықты талап етеді. Дәл осы қасиеттің барлығы кезекті кейіпкеріміздің бойынан табылады, оның көп ашылмаған тақырыпқа тереңдеуі де содан шығар.
Білім • 18 Наурыз, 2024
60 мыңдай талапкер тест тапсырды
Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) басталғанына екі апта болды. Осы уақыт ішінде тестілеуді 59 мыңнан аса талапкер тапсырған. Олардың 70 пайызға жуығы шекті ұпай жинады.
Ғылым • 18 Наурыз, 2024
Септесетін серіктес табуға мүмкіндік алаңы
Елордада ғылым мен бизнестің байланысын бекітуге бағытталған ашық алаң ұйымдастырылды. Іс-шараға 100-ден аса зерттеуші және кәсіпкер қатысты. Осы арқылы ғалымдар инвесторларға өздерінің өндіріске енгізуге болатын жұмыстарын таныстыруға және жобаларын іске асыруға септесетін серіктестер табуға мүмкіндік алды.
Ғылым • 13 Наурыз, 2024
Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Жас ғалымдар кеңесі төралқасының бірінші жұмыс отырысы өтті. Жиынға төралқа мүшелері мен Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, белгілі ғалым Дос Сарбасов, Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов қатысты. Отырыста Жас ғалымдар кеңесі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасына «жас ғалым» мәртебесін енгізуді және отандық ғылымның мәселелерін шешуге бағытталған басқа да нормалар бекітуді ұсынды.
Саясат • 12 Наурыз, 2024
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы трансұлттық білім беруді одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Қазақстандағы Британдық Кеңестің ұйымдастыруымен «Интернационалдандыру: сапаны бағалау және тәсілдер» тақырыбындағы форумға Қазақстан мен Ұлыбританиядан білім беру саласындағы жоғары білікті мамандар, сарапшылар Ғылым және жоғары білім министрлігінің, қазақстандық және британдық университеттердің, ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қоғам • 11 Наурыз, 2024
Ауыл баласы жусан исі аңқыған әтір ойлап тапты. Оның мұндай ерекше хош иіс жасап шығаруына атақты Бейбарыс сұлтан туралы аңыз түрткі болыпты.
Мектеп • 10 Наурыз, 2024
Жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскені маңызды. Тәрбиенің бір ошағы мектепте тереңнен сыр шертетін тарихи-танымдық дүниелері бар мұражай жұмыс істеп тұр.